Тәрбие » Страница 4 » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
Тәрбие сағаты
07
апрель
2026
Тәрбие сағаты
2026 жылғы 7 сәуір күні «Салауатты өмір салты – табысты болашақтың негізі» атты жалпы республикалық бірыңғай сабақ тұжырымдамасына сәйкес тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты – мектеп оқушыларына салауатты өмір салтын маңызды өмірлік құндылық ретінде түсіндіру және оны тұрақты түрде ұстануға бағыт беру. Іс-шара барысында оқушылар салауатты өмір салтының негізгі құрамдас бөліктерімен танысып, физикалық және психикалық денсаулықтың маңызын талқылады. Сонымен қатар өзін-өзі реттеу,
Қауіпсіздік бойынша нұсқаулық өтті
07
апрель
2026
Қауіпсіздік бойынша нұсқаулық өтті
Абай облысы білім басқармасының «Семей қаласының білім бөлімі» ММ   02.04.2026 жылғы №441 хатына сәйкес терроризм актісіні жасау қаупі туындаған кездегі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің, білім алушыларының іс-қимыл алгоритмімен таныстырылып, нұсқаулық жүргізілді.
“Digital Science: табиғат, ғылым және ЖИ” жаратылыстану пәндері әдісбірлестігінің апталығы
06
апрель
2026
“Digital Science: табиғат, ғылым және ЖИ” жаратылыстану пәндері
06.04. күні гимназиямызда жаратылыстану пәндері әдісбірлестігінің “Digital Science: табиғат, ғылым және жасанды интеллект” атты апталығы басталды.  Апталықтың ашылуына орай оқушыларды арнайы қарсы алып, оларға зияткерлік-танымдық тапсырмалар ұсынылды. Бұл тапсырмалар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, ғылымға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды. Іс-шара барысында жүргізушілер апталықтың маңыздылығына тоқталып, ғылым, табиғат және жасанды интеллекттің өзара байланысын ерекше
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау
30
март
2026
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау
Гимназияда «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында күнделікті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау үздіксіз жүргізіліп отырады. Гимнді бірге орындау – бірлік пен ынтымақтың, ел болашағына деген сенімнің айқын көрінісі. Әрбір таңды мемлекеттік рәміздерге деген құрметпен бастау – саналы, адал әрі жауапты азамат тәрбиелеудің маңызды қадамы.
Ұлттық дәстүр мен жаңа технология үндескен Наурыз: Қ.Мұхаметхановқа арналған ерекше көрме
23
март
2026
Ұлттық дәстүр мен жаңа технология үндескен Наурыз: Қ.Мұхаметхановқа
Қаламыздың Орталық алаңында өткен Наурыз мерекесінде Семей қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен ,қала мектептерінің атсалысуымен абайтанушы  ғалым Қайым Мұхаметханов атындағы ауылдың киіз үйі тігілді.Заманауи жабдықталған киіз үйде ұлттық бұйымдармен бірге Қайым Мұхаметхановтың өмірі,шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылып,жазушы өмірі мен шығармашылығы жасанды интеллект арқылы таныстырылды. ​https://www.instagram.com/p/DWPUndogJEF/?igsh=Z2syZnplaXY4Z210​​​
Көктемгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері
21
март
2026
Көктемгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері
Көктемгі демалыс – демалып, жақсы әсер алатын тамаша уақыт!  Демалыс күндері қызықты әрі пайдалы өтуі үшін қауіпсіздік ережелерін ұмытпайық👇 🔹 Көшеде жүргенде жол ережелерін сақта 🔹 Бейтаныс адамдармен сөйлеспе, олардың ұсыныстарынан сақ бол 🔹 Үйде жалғыз қалғанда қауіпсіздік ережелерін ұстан 🔹 Электр құралдарын абайлап пайдалан 🔹 Өрт қауіпсіздігін есте сақта 🔹 Интернетте жеке мәліметтеріңді жариялама 🔹 Спортпен айналысқанда қауіпсіздік құралдарын қолдан 🔹 Су жағасында абай бол ✨ Уақытыңды
Кітаппен келген көктем
20
март
2026
Кітаппен келген көктем
Көктемгі демалыс – демалып қана қоймай, рухани байып, жаңа біліммен толығатын тамаша мүмкіндік! Осы орайда «Балалар кітапханасы» республикалық жобасы аясында барлық оқушыларды қызықты кітаптар әлеміне саяхат жасауға шақырамыз. Құрметті оқырман!  Көктемгі демалысқа арналаған бұл гайдбук сенің кітап әлеміңдегі шағын жолсерігің болды деп сенеміз. Ұсынылған шығармалардың әрқайсысы жаңа ой, жаңа әсер және қызықты кейіпкерлермен таныстыруға арналған. Гайдбуктың соңындағы шағын бетке өз әсеріңізді,
10-мақсат, 1-кітап
19
март
2026
10-мақсат, 1-кітап
Гимназиямыздың жаратылыстану кафедрасы мен кітапханашылар бірлесе отырып, Сапарғали Бегалиннің «Шоқан асулары» және Тұрсын Жұртбайдың «Бесқарагер» шығармаларына кәсіби тұрғыда талдау жүргізді. Талдау барысында мұғалімдер: 🔹 шығармалардың тарихи-танымдық мазмұнын, 🔹 авторлық идея мен көркемдік ерекшеліктерін, 🔹 кейіпкерлер жүйесі мен ұлттық болмыстың көрінісін терең зерделеді. Пікір алмасу алаңы педагогтердің тәжірибе бөлісіп, әдеби туындыларды талқылауына мүмкіндік берді
Жарапазан - ізгі тілектің, ақ батаның көрінісі
18
март
2026
Жарапазан - ізгі тілектің, ақ батаның көрінісі
Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мерекесінің шапағаты әр шаңыраққа шаттық пен береке әкелсін! 🌿✨ Осы игі мереке аясында гимназиямыздың ұстаздары №50 IT мектеп-лицейіне арнайы барып, қазақтың көнеден келе жатқан асыл дәстүрі – жарапазан айтып, ұлттық рухты дәріптеді. Жарапазан – тек жыр емес, ол – ізгі тілектің, ақ батаның, бірліктің көрінісі. Күмбірлеген жырмен көмкерілген бұл сәттерде ақ тілектер айтылып, наурыздың нұрлы лебі сезілді. Ұстаздар қауымы ұлттық құндылықтарды насихаттап қана қоймай,
"Ұлттық киім - ұлттық мұра" челленджі
18
март
2026
"Ұлттық киім - ұлттық мұра" челленджі
Ұлттық киім – ұлттың айнасы, мәдени мұрамыздың асыл қазынасы! ✨ Ол – ата-бабамыздың талғамы мен танымы, салт-дәстүрі мен болмысы көрініс тапқан киелі мұра. Әр оюы мен өрнегінде терең мағына, әр бөлшегінде тарихтың ізі жатыр. «Ұлттық киім – мәдени мұра» челленджін жалғастыра отырып, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға өз үлесімізді қосамыз! Бұл игі бастаманы Экономикалық лицейден қабыл алдық 🤝 Біз бұл эстафетаны №22 мектеп-лицейіне жолдаймыз! 🔥 Сіздерді қазақтың ұлттық киімін дәріптеп, оның әсемдігі