«ABU AQYL ALANY» облыстық ғылыми жобалар байқауының жеңіпаздары
Әлихан Бөкейхан Университетінде өткен «ABU AQYL ALANY» облыстық ғылыми жобалар байқауында мектебіміздің оқушылары Маулетова Айша мен Серимханова Айпара жүлделі ІІІ орынға ие болды. Бұл — үлкен еңбектің, ізденістің және табандылықтың нәтижесі. Жас зерттеушілерімізді және ғылыми жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете беріңіздер! Біз сіздермен мақтанамыз! Жетекшілері: Есенбаева Жанар Байузаковна, Абдуллина Асель