Материалы за 06.04.2026 » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
Таңғы жаттығу
06
апрель
2026
Таңғы жаттығу
2026 жылғы 7 сәуір күні «Салауатты өмір салты – табысты болашақтың негізі» атты жалпы республикалық бірыңғай сабақ аясында мектебімізде таңғы жаттығу өткізілді. Таңғы жаттығу барысында оқушылар бой сергітіп, дене бұлшықеттерін белсенді іске қосып, жаңа оқу күніне сергек көңіл-күймен қадам басты. Бұл шара оқушылардың күнделікті өмірінде дене белсенділігін арттыруға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталды. Қозғалыс – денсаулықтың негізі, ал белсенді өмір – табысты болашақтың кепілі.
“Digital Science: табиғат, ғылым және ЖИ” жаратылыстану пәндері әдісбірлестігінің апталығы
06
апрель
2026
“Digital Science: табиғат, ғылым және ЖИ” жаратылыстану пәндері
06.04. күні гимназиямызда жаратылыстану пәндері әдісбірлестігінің “Digital Science: табиғат, ғылым және жасанды интеллект” атты апталығы басталды.  Апталықтың ашылуына орай оқушыларды арнайы қарсы алып, оларға зияткерлік-танымдық тапсырмалар ұсынылды. Бұл тапсырмалар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, ғылымға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды. Іс-шара барысында жүргізушілер апталықтың маңыздылығына тоқталып, ғылым, табиғат және жасанды интеллекттің өзара байланысын ерекше
Спорттағы сенімді қадам!
06
апрель
2026
Спорттағы сенімді қадам!
Абай облысында өткен панкратионнан ашық турнирде 10 «Б» сынып оқушысы Мустаханов Айбар жоғары нәтиже көрсетіп, 69 кг салмақ дәрежесінде 🥇 I орын, 66 кг салмақ дәрежесінде 🥉 III орын иеленді! Бұл — табандылық пен тынымсыз еңбектің, үздіксіз дайындықтың айқын жемісі. Осындай биік белестерді бағындырып, алдағы жарыстарда да жеңіс тұғырынан көріне беруіңе тілектеспіз! Жеңісті жолың жалғаса берсін!