Ардагерлермен кездесу
Чернобыль – адамзат жадында мәңгі қалған қасірет. Сол бір сын сағатта өз өмірін қатерге тігіп, ел мен жердің амандығы үшін аянбай еңбек еткен жандардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Мектебімізде Чернобыль апаты зардаптарын жоюға қатысқан ардагерлермен тағылымды кездесу өтті. Кездесуге Джексенбаев Б.А., Ризуаков Ж., Наетов А.К., Дайырбеков А.С., Мухаметжанов Р.С. арнайы келіп, оқушылармен жүздесті. Кездесу барысында ардагерлер сол кезеңдегі қиындықтар мен ерлікке толы сәттер туралы естеліктерімен