Тамыз конференциясы аясында бастауыш сынып ұстаздары “ЖИ арқылы бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын дамыту”тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, тәжірибелерімен бөлісті. » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тамыз конференциясы аясында бастауыш сынып ұстаздары “ЖИ арқылы бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын дамыту”тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, тәжірибелерімен бөлісті.
17
август
2026

Тамыз конференциясы аясында бастауыш сынып ұстаздары “ЖИ арқылы бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын дамыту”тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, тәжірибелерімен бөлісті.

17-тамыз 2026 жылы “ЖОББ №50 лицей” базасында қалалық тамыз конференциясының білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған секциялық отырыстар өтті.
Іс-шара барысында педагогтердің кәсіби тәжірибесімен бөлісуіне, заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдану жолдарын талқылауына және білім сапасын арттыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді ортаға салуына мүмкіндік берілді.
Секциялық отырысында бастауыш сынып ұстаздары Жундибаева Риза Канапияновна мен Дүйсенбаева Арайлым Мұратқызы “Жасанды интеллектіні пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын дамыту”тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, тәжірибелерімен бөлісті.
Баяндама барысында жасанды интеллект құралдарын бастауыш сыныпта тиімді қолдану мүмкіндіктері, оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру мен дамыту жолдары,сабақ барысында цифрлық ресурстарды орынды пайдалану тәсілдері, оқушылардың логикалық ойлау, есеп шығару және өз бетінше іздену дағдыларын жетілдіру мәселелері қарастырылды.