Іс-шаралар » Страница 3 » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ардагерлермен кездесу
15
апрель
2026
Ардагерлермен кездесу
Чернобыль – адамзат жадында мәңгі қалған қасірет. Сол бір сын сағатта өз өмірін қатерге тігіп, ел мен жердің амандығы үшін аянбай еңбек еткен жандардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Мектебімізде Чернобыль апаты зардаптарын жоюға қатысқан ардагерлермен тағылымды кездесу өтті. Кездесуге Джексенбаев Б.А., Ризуаков Ж., Наетов А.К., Дайырбеков А.С., Мухаметжанов Р.С. арнайы келіп, оқушылармен жүздесті. Кездесу барысында ардагерлер сол кезеңдегі қиындықтар мен ерлікке толы сәттер туралы естеліктерімен
STEM-білім берудегі жаңа мүмкіндіктер: халықаралық форумнан алған әсеріміз
14
апрель
2026
STEM-білім берудегі жаңа мүмкіндіктер: халықаралық форумнан алған
2026 жылғы 9–11 сәуір аралығында Астана қаласында «Жасанды интеллект негізінде STEM-білім беру» тақырыбында IV халықаралық ғылыми форум өтті. Абай облысы атынан Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясының оқушылары қатысып, ғылыми жобалармен танысып, тәжірибе алмасты. Форум бізге үлкен тәжірибе мен мотивация сыйлады. Осындай мүмкіндік үшін ұйымдастырушыларға, сондай-ақ Абай облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық
Жайдарман "1/8 іріктеу ойыны"
10
апрель
2026
Жайдарман "1/8 іріктеу ойыны"
ЖАЙДАРМАН: 1/8 КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ! ⚡️ Мектебімізде Жайдарманның 1/8 іріктеу ойыны өз мәресіне жетті! Сахнада нағыз энергия мен өткір әзілдер тоғысты. 🔥🎤 🏆 Ширек финалға жолдама алған үздіктер: ✨ 8 «Б» – Жастар вайбы ✨ 9 «А» – Тигрицы ✨ 9 «Ә» – 96 ✨ 9 «Б» – Кеш you Командаларды жеңісімен құттықтаймыз! 👏⭐️ Қалған қатысушыларға алғыс айтамыз, бұл — үлкен тәжірибе. 🚀 Нағыз дода енді басталады! Келесі кезеңде кім озып шығады? Дайындықтарыңды күшейте түсіңдер! ⏳ Жайдарман — жастар энергиясы!
Профессор А.О. Токсамбаевадан тағылымды дәріс
09
апрель
2026
Профессор А.О. Токсамбаевадан тағылымды дәріс
«Адамның адамдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деген қағиданы ұстанған Шәкәрім бабамыздың мұрасы бүгін мектеп қабырғасында ұлықталды.  «Қазақ филологиясы» кафедрасының профессоры Айман Омарқанқызы Токсамбаева 9-сынып оқушыларына арнап ерекше дәріс өткізді.  Дәріс тақырыбы: “Шәкәрім Құдайбердіұлының рухани мұрасын әдеби-мәдени, тарихи-этнографиялық, географиялық, лингвистикалық тұрғыдан кешенді зерттеу: цифрлық интеграция және этнотуризм”  Айман
“Ойна да, үйрен: BioTerms” зияткерлік сайысы
07
апрель
2026
“Ойна да, үйрен: BioTerms” зияткерлік сайысы
07.04 гимназиямызда жаратылыстану пәндері әдісбірлестігінің апталығы аясында “Ойна да, үйрен: BioTerms” атты зияткерлік сайыс 7 ә мен 8 в сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып, сәтті өтті. Сайыс барысында оқушылар биология пәнінен терминология бойынша  алған білімдерін сынап, түрлі терминдерге қатысты қызықты тапсырмаларды орындады. Қатысушылар өздерінің логикалық ойлау қабілеттерін, жылдамдықтарын және білім деңгейлерін көрсете білді. Іс-шара оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып,
Таңғы жаттығу
06
апрель
2026
Таңғы жаттығу
2026 жылғы 7 сәуір күні «Салауатты өмір салты – табысты болашақтың негізі» атты жалпы республикалық бірыңғай сабақ аясында мектебімізде таңғы жаттығу өткізілді. Таңғы жаттығу барысында оқушылар бой сергітіп, дене бұлшықеттерін белсенді іске қосып, жаңа оқу күніне сергек көңіл-күймен қадам басты. Бұл шара оқушылардың күнделікті өмірінде дене белсенділігін арттыруға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталды. Қозғалыс – денсаулықтың негізі, ал белсенді өмір – табысты болашақтың кепілі.
«Таза Қазақстан»
04
апрель
2026
«Таза Қазақстан»
Таза Қазақстан – таза болашақ! 2026 жылға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында гимназиямыздың ұжымы сенбілікке белсенді түрде қатысты. Табиғатты аялау – әрбір азаматтың парызы. Бірлік пен ұйымшылдықтың арқасында ауламыз тазарып, қоршаған ортамыз көркейе түсті. Табиғатты қорғау – өзімізден басталады! Әрқайсымыздың кішкентай үлесіміз – үлкен өзгеріске жол ашады.​https://www.instagram.com/reel/DWtlXFnjHE5/?igsh=MWMwb2Y5c3l6aGs3NA==​​​
Төтенше жағдайлардың алдын-алу шарасы жүргізілді
01
апрель
2026
Төтенше жағдайлардың алдын-алу шарасы жүргізілді
Қауіпсіздік – басты назарда! Гимназиямызда төтенше жағдайлардың алдын алу және оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1–11 сынып оқушыларымен өрт кезіндегі әрекет ету бойынша арнайы оқу-жаттығу өткізілді.  Жаттығу барысында дабыл беріліп, барлық оқушылар мен ұстаздар белгіленген тәртіпке сай, сабырлық сақтай отырып, қауіпсіз аймаққа жедел эвакуацияланды. Бұл шара оқушылардың төтенше жағдай кезіндегі дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастырып, жауапкершілік пен ұйымшылдықты
Жарапазан - ізгі тілектің, ақ батаның көрінісі
18
март
2026
Жарапазан - ізгі тілектің, ақ батаның көрінісі
Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мерекесінің шапағаты әр шаңыраққа шаттық пен береке әкелсін! 🌿✨ Осы игі мереке аясында гимназиямыздың ұстаздары №50 IT мектеп-лицейіне арнайы барып, қазақтың көнеден келе жатқан асыл дәстүрі – жарапазан айтып, ұлттық рухты дәріптеді. Жарапазан – тек жыр емес, ол – ізгі тілектің, ақ батаның, бірліктің көрінісі. Күмбірлеген жырмен көмкерілген бұл сәттерде ақ тілектер айтылып, наурыздың нұрлы лебі сезілді. Ұстаздар қауымы ұлттық құндылықтарды насихаттап қана қоймай,
Қайырымдылық күніне арналған игі шара ұйымдастырылды
17
март
2026
Қайырымдылық күніне арналған игі шара ұйымдастырылды
Наурызнама онкүндігінің  аясында гимназиямызда Қайырымдылық күніне арналған игі шара ұйымдастырылды. Бұл күн – мейірім мен жанашырлықтың, адамгершілік пен бірліктің көрініс табатын ерекше сәті. 3 В сынып жетекшісі Арайлым Муратқызы ата-аналарымен ұйымдасып, айналасына жылулық сыйлап, жақсылық жасау арқылы Наурыз мейрамының шынайы құндылықтарын дәріптеді. Мақсаты: Жас ұрпақтың бойында мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық сезімдерін қалыптастырып, қоғамдағы өзара көмек пен бірлікті нығайту.