"Ғасырлық дәстүрлер" халықаралық сәндік қолданбалы өнер фестивалі
15-17 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан өңірінде "Ғасырлық дәстүрлер" халықаралық сәндік қолданбалы өнер фестивалі ұлттық мұраны ұлықтаған ауқымды мәдени шара өтті. Фестиваль аясында ұйымдастырылған "Аламан құрақ-2026" жобасы ерекше көпшіліктің назарын аударды. Республикамыздың 17 облысынан жиналған шеберлер ұзындығы 2500 метрлік алып құрақ көрпені жайып, "Global Best of Records" халықаралық рекордтар кітабына енді. Сондай-ақ осы күні шеберлер "Тұлпар" жастығымен теңдесі жоқ 2- рекорд орнатты.