Жеті Дара Атырауда: Ұлы Сарайшықтың ізімен » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
март
2025

Жеті Дара Атырауда: Ұлы Сарайшықтың ізімен

Жеті Дара Атырауда: Ұлы Сарайшықтың ізімен✨

Жеті Дара командасының келесі саяхат нүктесі – ұлы дала тарихының алтын көмбесі, Атырау өңіріндегі Сарайшық! Біз бұл жерде ғасырлар қойнауынан сыр шерткен көне қаланың орнын аралап, тарихи мұраларды көзбен көріп, ерекше әсер алдық.

Сарайшық – Жайықтың жағасындағы құпиясы мол, кезінде Ұлы Жібек жолының бойында гүлденген, Алтын Орда мен Қазақ хандығының маңызды орталықтарының бірі болған қала. Бүгінде мұнда орналасқан Сарайшық музейі сол дәуірдің рухын сезінуге мүмкіндік береді. Біз бұл киелі жерде бабалар аманатын ұғынып, өткеннің ұлы жолына бір сәтке сапар шеккендей болдық.

Бұл сапар – тарихты терең түсініп, ұлттық мұраға деген құрметімізді арттырған тағылымды кездесу болды. Қазақ даласының әр тасы, әр жәдігері біз үшін баға жетпес құндылық.

Ұрпаққа өнеге – тарихты тану! 

Похожие публикации: